«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң
ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық емхана» МКК
Мекен-жайы: Талдықорған қ. «Жастар» ықшам ауданы 16 «а»
Тіркеу орны:25-45-90
Email:
1984 жылы жаңадан 1 этажды ғимарат салынып, балалар стоматологиялық емханасына пайдалануға берілді. Ол қазіргі Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан.
2006 жылдың сәуір айынан бастап емхананың директоры Сырғабаев Талғат Болатұлы.
Облыстық стоматологиялық емхана – бұл 18 жасқа дейінгі балаларға білікті медцналық көмек көрсетуші, тез бейімді, қарқынды дамып келе жатқан медициналық ұйым. Біз - жаңа медициналқ және басқару технологияларын енгізу жолында – топбасшы болуға ұмтыламыз. Әлемдік медицина ғылымы тәжірибесінің алдыңғы жетістіктері мен жаңа технологиялық ресурстарды отандық медицинаның үрдісімен үйлестіру және кәсіпқой мамандардың топтық жұмысы, ұжымдық мәдениет пен этика – біздің ұйымның бірлескен жетістігі. Осының барлығы, ұсынылатын медициналық қызметтің жоғарғы сапасын қалыпты сақтауға және қоғамның игілігі үшін қызмет етуді қамтамасыз етеді.
